Талғат Ибрашев Алматы облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Жоғарғы соттың судьясы Талғат Ибрашев Алматы облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Оны кешегі өткен кеңесте Жоғарғы соттың төрағасы Асланбек Мерғалиев құттықтады.
— Сіз қай лауазымда жұмыс істесеңіз де әрқашан өзіңізді міндетіне жауапкершілікпен қарайтын білікті басшы, тамаша ұйымдастырушы ретінде көрсетіп келесіз. Сіздің алдыңызда үлкен міндеттер тұр. Сіздің осы міндеттерді абыроймен атқаратыныңызға сенімдімін, — деп атап өтті А.Мерғалиев.
Талғат Ибрашев 1969 жылы туған, Қостанай облысының тумасы.
Орал мемлекеттік заң академиясын бітірген.
1993-1996 жылдары — кеден органдарындағы қызмет.
1996-1997 жылдары — Торғай облыстық сотының аға кеңесшісі.
1997-1999 жылдары — Арқалық қалалық сотының судьясы.
1999-2004 жылдары — Қостанай облыстық сотының судьясы.
2004-2010 жылдары — Қостанай аудандық сотының төрағасы.
2010-2012 жылдары — Қостанай қаласы әкімшілік сотының төрағасы.
2012-2016 жылдары — Рудный қалалық сотының төрағасы.
2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы.