Талғат Ибрашев Алматы облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды

талғат ибрашев
Фото: Жоғарғы сот

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Жоғарғы соттың судьясы Талғат Ибрашев Алматы облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. 

Оны кешегі өткен кеңесте Жоғарғы соттың төрағасы Асланбек Мерғалиев құттықтады.

— Сіз қай лауазымда жұмыс істесеңіз де әрқашан өзіңізді міндетіне жауапкершілікпен қарайтын білікті басшы, тамаша ұйымдастырушы ретінде көрсетіп келесіз. Сіздің алдыңызда үлкен міндеттер тұр. Сіздің осы міндеттерді абыроймен атқаратыныңызға сенімдімін, — деп атап өтті А.Мерғалиев.

Талғат Ибрашев 1969 жылы туған, Қостанай облысының тумасы.

Орал мемлекеттік заң академиясын бітірген.

1993-1996 жылдары — кеден органдарындағы қызмет.

1996-1997 жылдары — Торғай облыстық сотының аға кеңесшісі.

1997-1999 жылдары — Арқалық қалалық сотының судьясы.

1999-2004 жылдары — Қостанай облыстық сотының судьясы.

2004-2010 жылдары — Қостанай аудандық сотының төрағасы.

2010-2012 жылдары — Қостанай қаласы әкімшілік сотының төрағасы.

2012-2016 жылдары — Рудный қалалық сотының төрағасы.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы.

Соңғы жаңалықтар