Талғат Қалиев Орталық коммуникациялар қызметін басқарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Талғат Қалиев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды», делінген құжатта.


Талғат Қалиев «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, саяси ғылымдар кандидаты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына енген.


Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

Соңғы жаңалықтар