Талғат Ластаев Еуропалық азаматтық авиация конференциясының президентімен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM — Монреаль қаласында өткен азаматтық авиация жөніндегі 7-ші Дүниежүзілік конференция аясында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Еуропалық азаматтық авиация конференциясының (ECAC) Президенті Алессио Кварантаның кездесуі өтті.

а
Фото: Көлік министрлігі

Тараптар әңгіме барысында Қазақстан мен ECAC арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту перспективаларын, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктерін қозғады.

Сонымен қатар спикерлер халықаралық тәжірибе алмасу, авиация саласын мемлекеттік реттеу тәсілдерін жетілдіру, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық стандарттарға сәйкес озық тәжірибелерді енгізу мәселелеріне назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша авиация саласын дамытудың өзекті бағыттары бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға және өзара іс-қимылды кеңейтуге өзара мүдделілік расталды.

ECAC құрамына 44 мүше мемлекет – еуропалық елдердің азаматтық авиация органдары кіреді. Конференция құрамында Еуропалық одақ елдері, ЕО-ға кірмейтін Еуробақылауға (Евроконтроль) мүше мемлекеттер, сондай-ақ еуропалық қатысушы елдер (Исландия, Әзербайжан, Сан-Марино, Ұлыбритания, Норвегия, Швейцария, Түркия, Украина және басқалары) бар.

ҚР Көлік министрлігі мәліметінше, ЕСАС азаматтық авиацияның маңызды мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің саяси ұстанымдарын үйлестіруге, сондай-ақ мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесуге және олардың әуе көлігін дамытуға жауап береді.