Талғат Молдабеков Абай облысының денсаулық сақтау басқармасын басқарады

талғат молдабеков
Фото: Абай облысы әкімдігі

СЕМЕЙ. KAZINFORM - Талғат Қаркенұлы Молдабеков Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. 

Талғат Қаркенұлы 1969 жылы 20 маусымда Семей қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «дәрігер кардиолог» мамандығы бойынша, 2021 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «іскерлік әкімшілік магистрі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Семей қаласының орталық қалалық ауруханасы кардиология бөлімінің дәрігері болып бастап, 2017 жылға дейін медицинаның түрлі салаларында маман болып жұмыс істеді.

«Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ (Астана қаласы) кардиология бөлімінің меңгерушісі, «UMC» корпоративтік қорының Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығында (Астана қаласы) кардиология және неврология бөлімінің меңгерушісі, № 1 «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС (Астана қаласы) терапия бөлімінің меңгерушісі болды.

2022 жылы Ұлттық ғылыми онкология орталығы көпсалалы терапия орталығының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ, дәл осы 2022 жылы Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары болды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болды.

Соңғы жаңалықтар