Талғат Мұсабаев қазанның 2-сін Ғарышкерлер күні ретінде белгілеуді қолдамайтынын айтты

ТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев сенатор Ғани Қасымовтың қазанның 2-сін Ғарышкерлер күні деп белгілеу жөніндегі ұсынысын қолдамайтындығын білдірді.
None
None

Оның сөзінше, әлемнің өркениетті деген мемлекеттерінің барлығы Ғарыш күнін 12 сәуірді атап өтеді. «Біз неге бұл күнді өзгелерден бөлек атап өтуіміз керек?. Ешбір елде мұндай мереке жоқ»,-деді Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы журналистерге берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада сенатор Ғани Қасымов 2 қазанды Ғарышкерлер күні ретінде атап өту керек деген бастама көтерген болатын. Осы күні 1991 жылы қазақтың тұғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшқан болатын.

Соңғы жаңалықтар