Талғат Мұсабаев ҚР Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды.

Талғат Мұсабаев ҚР Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.