Талғат Мұстағұлов ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіндегі лауазымынан босатылды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығымен Талғат Сәрсенбайұлы Мұстағұлов Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.