Талғат Сәрсенбаев Сенат Аппаратының басшысы болып тағайындалды

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің өкімімен Талғат Сәрсенбаев Сенат Аппаратының жетекшісі болып тағайындалды,
None
None

деп хабарлады палатаның баспасөз қызметінен.

Т.Сәрсенбаев КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебін бітіргеннен кейін құқық қорғау органдарында, жоғары оқу орындарында, ҚР Президентінің Әкімшілігінде түрлі лауазымдар атқарған, ҚР Парламент Сенатының Аппарат Басшысының орынбасары, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі болған.

Заң ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен және медальдарымен марапатталған.

Сенат Аппаратын басқарған М.Нұртілеуов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар