Талғат Жәнібековті қолдап митингіге шақырған әйел айыппұл төлейтін болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда заңсыз митингіге шақырған әйелге айыппұл салынды.

Талғат Жәнібековті қолдап митингіге шақырған әйел айыппұл төлейтін болды

Ж.Ахметова Фэйсбук әлеуметтік желісі арқылы қалалық сот ғимаратында режиссер Т.Жәнібековті қолдап митингке шығуға шақырған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот әйелді ҚР ҚК 488-бабының 3-бөлімі бойынша, айыпты деп тапты. Ол енді 50 АЕК көлемінде (113 450 теңге) айыппұл төлейтін болды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Талғат Жәнібеков «Феникс» фильмінің түсірілімдеріне арналған қаражаттың жымқырылуы ісінде күдікті. Оның кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркілене отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Айта кетейік, осы даулы фильм бойынша белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталып, кейін кепілақымен босатылған еді.

Ол 79 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген. Кейін ол өз кінәсін мойындап, қаражаттың 6 миллион теңгесін қайтарған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, әртіс «Қазақфильмге» қарызды өндіріп беруге уәде еткен.