Талғат Жайлауов жанкүйерлер «ықыласынан» зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Барыс» шабуылшысы Талғат Жайлауов төтенше оқиғаға тап болып, зақымданып қалды.
None
None

Команданы ширек финалға шығуымен құттықтау үшін Астана әуежайына жиналған жанкүйерлер Талғат Жайлауовты қолдарына көтеріп, шайқай бастаған. Алайда олар хоккейшіні ұстап тұра алмай, жерге түсіріп алды. 28 жастағы спортшы басымен жер сүзе құлады. Жерден өздігінен тұра алмай жатып қалған ойыншының миына зақым келген, ол ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, «Барыс» Гагарин кубогының ширек финалына шықты. 1/8 финалда «Автомобилисті» 4:0 есебімен ұтты.

Соңғы жаңалықтар