Талғат Жайлауовтың орнын басатын хоккейшiнi қарап жатырмыз - Ари-Пекка Селин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Астанада "Барыс" клубы ашық жаттығу өткiзiп, тiлшiлермен баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.
None
None

Тiлшiлер жанкүйерлердiң "ыстық ықыласынан" зардап шеккен Талғат Жайлауовтың халiн сұрады.

"Қазiргi уақытта ол емделіп жатыр. Плей-офф сынының екiншi кезеңiнде Салават Юлаевпен болатын ойында оның орнын басатын ойыншыға көңiл аударуымыз қажет. Ал Талғаттың мұз айдынына қашан шығатындығы белгісіз", - деп атап өттi ол.

Айта кетейiк, Астанада «Барыс» шабуылшысы Талғат Жайлауов төтенше оқиғаға тап болып, жарақаттанып қалды.

Команданы ширек финалға шығуымен құттықтау үшін Астана әуежайына жиналған жанкүйерлер Талғат Жайлауовты қолдарымен көтеріп, аспанға атқан. Алайда олар хоккейшіні ұстап тұра алмай, жерге түсіріп алды. 28 жастағы спортшы басымен жер сүзе құлады. Жерден өздігінен тұра алмай жатып қалған ойыншының миына зақым келген, ол ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетсек,«Барыс» Гагарин кубогының ширек финалына шықты. Олар 1/8 финалда «Автомобилисті» 4:0 есебімен ұтты.

Соңғы жаңалықтар