Talgo пойызы Астанадан Алматыға 12 сағатта жетуі мүмкін бе - Қарабаев жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – Жаз айларында пойыздардың кешігуі темір жол магистралдарын жөндеуге байланысты болды. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

Дополнительные поезда Тальго запустят между мегаполисами Астана, Алматы и Шымкент
Фото: ҚТЖ

Мәжілістегі елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға арналған Үкімет сағатында депутат Самат Нұртаза пойыздардың кестеден кешігу мәселесін көтерген еді.

- Талго пойызы кешікпеу үшін не істеу керек? Астанадан Алматыға 16 сағат емес 12 сағатта жетуге мүмкіндік бола ма? Жалпы пойыздардың кешікпеуіне не кедергі?, - деген еді депутат.

Марат Қарабаевтың айтуынша, жаз уақытында пойыздардың кешігуі негізінен жолдарды жөндеуге қатысты болды. 

- Темір жол магистралдарының тозу деңгейі - 57 пайызы. Біз биыл 1 400 шақырымда жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сол уақытта белгілі бір учаскелерде жазда ғана жөндей алдық. Бұл пойыздардың кешігуіне әсер етті. Ол жайында уақытылы ақпарат жеткіздік.

Ал 16 сағаттан 12-ге дейін қысқарту дегеніміз – жылдамдықты арттыру. Ол үшін басқа пойыздардың қозғалысын (темір жол магистралінен) алып тастау керек болады. Қарастырып көруге болады. Бірақ, 16-дан 12 сағатқа қысқарта алмаймыз. Тіпті, шамалы қысқартуға болатын шығар. Ол үшін жүйені мүлдем босату керек. Ондай мүмкіндік жоқ, - деді Марат Қарабаев.

Бұған дейін теміржол саласында қандай ірі жобалар іске асырылып жатқанын жазған едік.