«Талибан» Ауғанстанда жалпыға ортақ сайлау өткізуді көздеп отыр
КАИР. ҚазАқпарат - Ауғанстанда билікті басып алған радикалды «Талибан» қозғалысы елдегі қалың бұқара топтарының қатысуымен жалпыға ортақ сайлау өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Катардың Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ауған қоғамының кең ауқымын қамтитын жалпыға ортақ сайлау өткізу жоспарлануда <...> Біз қалық бұқара топтарын және талибан мүшелері емес талантты адамдарды тартуға тырысамыз», - деген «Ауғанстан Ислам Әмірлігі» (тәліптердің атауы) Ақпарат және мәдениет министрлігі өкілінің сөзін келтіреді телеарна.
Сейсенбіде радикалдар жариялаған уақытша үкіметтің құрамы туралы айтатын болсақ, оған негізінен пуштундар кірді (елдегі ең үлкен этникалық топ өкілдері). Дегенмен аталған ведомство өкілінің айтуынша, тәліптер үшін маңыздысы - министрлер кабинеті мүшелерінің этникалық шығу тегі емес, қабілеттілігі.