07:14, 30 Мамыр 2016 | GMT +5
«Талибан» ұйымының 10 дала командирі қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан әскері «Талибан» радикалды қозғалысының 10 дала командирін өлтірді, деп хабарлады 24.kz.

Әуе күштері операцияны елдің солтүстігіндегі Баглан провинциясында жүргізген. Содырлардың тағы бір жетекшісі жарақат алды.
Ауғанстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әуе соққылары лаңкестер жиналыс өткізіп жатқан кезде жасалған. «Талибан» ұйымының өкілдері бұл шабуыл туралы әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Үкімет қарулы күштері Баглан провинциясында 3 әскери базаны экстремистерден тазартып, тұтқыннан жүзден астам сарбазды босатты.