Тәлібтер американдық әскерилердің итін тұтқындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның шығысында тәлібтер АҚШ әскерінің жауынгерлік итін ұстап алып, тұтқынға алды.
Twitter-де әлгі иттің суреті де салынып қойыпты.
«Полковник» деп аталып кеткен бұл жануар қарашада тұтқындалған көрінеді. Бұл итке қалта шам, шағын бейнекамера және GPS-навигацияның құрылғысы орнатылған екен.
Соңғы кезде тәлібтердің жетекшілерінің бірі итпен жиі шығатын көрінеді.