Тәлібтер ауғандықтарды сайлауға бармауға үндеуде
АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Ауғанстанда тәлібтер ел халқын тамыздың 20-сына белгіленген сайлауға бармауға үндеп, осы мақсатта өздерінің қысқа толқынды радиостансаларын пайдалануда.
Бұл туралы ауған күш-қуат құрылымдарының өкіліне сілтеме жасап РИА «Новости» агенттігі хабарлауда.
Сайлау жақындаған сайын, тәлібтер жол үстіндегі мина соғысын жандандыруда. Оның ошағы - оңтүстіктегі Гельменд провинциясынан мина мен фугастарға түскен әскери және азаматтық көліктер туралы хабарлар күн сайын түсуде.