Тәлібтер түрме қақпасын жарып жіберді және Ауғанстандағы жүздеген тұтқындарды бостандыққа шығару үшін күзетшілерді аяусыз өлтірді
АСТАНА. Қазақпарат - Әлемдік БАҚ-та ауғандық Ганзи қаласындағы «Талибан» қозғалысы содырларының сұмдық әрекетінің егжей-тегжейі пайда болды. Алдын ала деректер бойынша акцияға бірнеше жанкешті қатысып, түрме аумағында өздерін жарып жіберген. Бұдан басқа нысан қақпасының алдындағы машина жарылып, бұзақылар ғимаратқа еніп кетті.
Лаңкестер түрме қызметкерлерімен айқасты. Тәлібтердің деректеріне сүйенсек, 40 адам өлтірілген. Қала билігі 4 адамның қаза тапқанын айтуда. Зардап шеккендердің нақты саны белгісіз. Шабуыл барысында содырлар 350 жазасын өтеушіні бостандыққа шығарып жіберді, олардың жартысына жуығының осы қозғалысқа қатысы бар.
Фото: Ahmad Massoud / Xinhua / Global Look