Тәлібтер Вашингтонға лаңкестік шабуыл әзірлеуде - АР
ИСЛАМАБАД. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат – «Талибан» радикалды қозғалысы Вашингтонға лаңкестік шабуыл әзірлеуде, деп мәлім етті тәлібтердің пәкістандық ұясының жетекшісі Байтулла Мехсуд.
Оның айтуынша, ол шабуылдың ауқымы «әлемнің барлығын таң қалдырады», шабуыл жақын күндері жасалады, оны орындаушылар дайын отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ассошиейтед Пресс» агенттігіне сілтеме жасап.
Мехсуд наурыздың 29-ында пәкістан полициясының жаттығу лагеріне жасалған шабуылды өзінің қарамағындағы содырлар ұйымдастырғанын нақтылап отыр. Оның айтуынша, ол «американдықтарға ел аумағына әуе шабуылдарын жасауға жол беріп отырған» Пәкістан үкіметінен алынған кек болған. Ал Федералдық барлау бюросы, мұндай мәлімдемелер бұрын да жасалғанын, бірақ оның артынан ешқандай іс-әрекеттер болмағанын еске салып отыр.