Тәліптер шабуылынан НАТО-ның 3 сарбазы қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында тәліптердің шабуылынан НАТО-ның 3 сарбазы қаза тапты, деп жазады 24.kz.

Тәліптер шабуылынан НАТО-ның 3 сарбазы қаза тапты

Халықаралық әскери альянсы өкілінің айтуынша, жол бойына орнатылған жарылғыш құрылғы алыстан радио құрал арқылы іске қосылған. Ал ауған билігі жарылысты мотоциклге мінген жанкешті жасады деп мәлімдеді.

Лаңкестік әрекетті «Талибан» қозғалысы өз мойнына алды. Олар екі бронды техниканың жойылғанын хабарлады.

Сондай-ақ ел астанасы Кабулда бейбітшілік жөніндегі жоғарғы кеңес басшысының көлігіне шабуыл жасалды. Жанкешті жасаған жарылыстан бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды. Кеңес басшысының өзі зардап шекпеген.

Тәліптер мамыр айының ортасында жазғы шабуылдар кезеңі басталғанын жариялаған болатын. Былтырғы жылы эктремистердің қолынан НАТО-ның 44 жауынгері мерт болды. Олардың 30-ы - АҚШ азаматтары.