Тәліптерден қиянат көрген пәкістандық қыз Политковская сыйақысына ие болды

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Өткен жылы қазан айында «Талибан» қозғалысының содырлары басын жарақаттаған пәкістандық құқық қорғаушы қыз Малала Юсуфай Лондонда өткен салтанатты жиында Анна Политковская атындағы сыйақыға ие болды, деп хабарлады ресейлік жаңалықтар қызметінен.
None
None

Малала «ешкімнің батылы жетпегенде батылдық танытып іші құсаға толы қыз-келіншектердің ойын жеткізе білгені» үшін жеңімпаз атанды. 16 жастағы Юсуфзайдың сөзіне қарағанда, ол Политковскаяның өміріне тәнті және соған ұқсаған «батыл әйел» болғысы келеді екен.

Политковская атындағы сыйақы RAW in war халықаралық құқық қорғау ұйымымен тіркелген. Бұл сыйлық қақтығыс алаңдарында жұмыс істейтін әйелдерге беріледі. Өткен жылы Политковская сыйақысы қаза болған америкалық журналист Мари Колвинға берілді. Ол 2012 жылы Сирияның Хомс қаласын бомбалау кезінде құрбан болды.

Соңғы жаңалықтар