Тәліптердің «дәуі» өлтірілді

ӘБУ-ДАБИ. 2 қараша. ҚазАқпарат - «Талибан» қозғалысының пәкістандық бөлімінің басшысы жұма күні ұшқышсыз ұшу аппаратының соққысынан қаза болды, деп хабарлады аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарынан.

Тәліптердің «дәуі» өлтірілді

Хакимулла Мехсуд Пәкістанның көптен бері іздеуде жүрген қылмыскерлерінің бірі. АҚШ үкіметі тәлібтердің жетекшісі жайлы ақпарат берген адамға 5 млн. АҚШ долларын беруге уәде еткен болатын. Х.Мехсуд Солтүстік Вазирстан провинциясында - Пәкістан-ауған шекарасында тәлібтердің арасында жасырынып жүрген.

АҚШ-тың ұшқышсыз ұшақтары Мираншах қаласынан бес шақырымда орналасқан Данда Дарпа Хель жеріне 4 зымыран ұшырған. «Талибан» жетекшісінен басқа, кем дегенде 4 адам қаза тапты. Олардың арасында оның жеке оққағары мен жүргізушісі болды.