Таллин қоғамдық көлікпен тегін жүретін алғашқы еуропалық астанаға айналды
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Мұндай жеңілдік арқылы өкімет орындары жолдағы кептелістерді азайтуды көздейді, олар енді жеке автомобильден гөрі жұрт қоғамдық көліктерге ауысады деп үміттенеді, деп хабарлады «Центр» телеарнасы.
Таллин тұрғындары енді автобус пен трамвайға билет сатып алмайды. Қала қоғамдық көлікпен тегін жүретін алғашқы еуропалық астана болды. Бұл жобаның авторлары кептелістен жүйкесі жұқарған жеке автомобиль иелері қоғамдық көліктерге ауысып мінеді деп есептейді.
Оның үстіне Таллинде бірнеше орталық көшелерде жеке машиналар үшін қозғалыс жабылды және автотұраққа қою ақысы қымбаттады. Алайда бұл жаңалық қала бюджетіне едәуір салмақ түсірері сөзсіз. Бұған кемінде 12 миллион еуро қосымша субсидия қажет.