Таллинде әлемдегі ең қымбат монета таныстырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 ақпанда Таллиннің Тарих мұражайында АҚШ-та соғып шығарылған бірінші күміс доллары қойылады. 1794 жылы шығарылған монетаның бағасы 10 млн. долларды құрайды.
None
None

1974 жылы бұл доллардың $1250 сатылғанын айта кеткен жөн.

Хельсинки, Стокгольм, Осло, Дублин және Лондонда таныстырылатын тиында шашы жайылған Бостандық әйел құдайы бейнеленген.

Flowing Hair деп аталған доллар сол кездегі американдық астана Филадельфияда соғылғанын атап өтейік. Бұл монетаны АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон ұстаған.

Осылайша, «Flowing Hair» жол шоуы Прагада басталып, одан кейін Варшаваны артқа тастаған көрме Таллинде болған соң, өзге қалаларға аттанады, деп жазады informing.ru.

Соңғы жаңалықтар