22:23, 23 Қазан 2012 | GMT +5
Тамадалар мен әртістер бірігіп республикалық жаңа журнал шығарып жатыр
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Еліміздің республикалық басылымдарының саны «Керемет той» атты тағы бір жаңа журналмен толықты.
Қазақтың салт-дәстүрін дәріптеу және насихаттау мақсатын тұтқан журналдың таныстырылымы 24 қазан күні Астанада өтеді.
«Түгел баспасөз клубынан» мәлім еткендей, тұсаукесер іс-шарасына басылымның құрылтайшылары, есімдері Астанаға белгілі асабалар, әртістер, музыканттар, фотографтар және той агенттіктерінің басшылары қатысады.