Тамағына көптеген пышақ жарақатын салған: БҚО-да әйелді өлтірген күдікті іздестірілуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 72 жастағы әйелді өлтіріп кеткен күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 9 наурыз күні Зачаган кентіндегі жеке үйлердің бірінде болды.

Сағат 18.30-да зорлықпен өлтірілген 1950 жылы туған әйелдің денесі табылған. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті оның тамағына көптеген пышақ жарақатын салған. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне (адам өлтіру) және 192-бабына (қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аса ауыр қылмысты ашуға барлық жеке құрам жұмылдырылды. Оған қатысы бар адамдар тізімі жасалуда. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған қылмыстық іс департамент бастығының ерекше бақылауына алынды. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», - деп хабарлады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар