Тамақ қалдықтары дұрыс жойылуы керек: Алматыда мейрамханаларға бақылау күшейтіледі

Тамақ қалдықтары дұрыс жойылуы керек: Алматыда мейрамханаларға бақылау күшейтіледі
Фото: ҚазАқпарат ХАА

Алматы тұрғыны Ерболат Досаевпен кездесу барысында мейрамханадағы тамақ қалдықтарын дұрыс жою мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Медеу ауданы тұрғындарының бірі шаһар басшысына қоқыс жәшіктеріне жақын маңдағы мейрамханалар тамақ қалдықтарын әкеп тастайтынын айтып шағымданды.

«Абай даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында орналасқан мейрамханалар тамақ қалдықтарын біздің контейнерлерімізге тастайды. Үлкен қара сөмкелердегі қоқыс түні бойы жатады. Рестораторлар ай сайын 68 мың теңге төлейтінін, екінші келісімшарты бар екенін айтады. «Тәртіп» АҚ-мен келісім бойынша олар қатты тұрмыстық қалдықтарды біздің контейнерлерге тастауға рұқсаттары бар екен. Енді тіпті тамақ қалдықтарын да тастайтын болды. Бұл дұрыс емес қой», - дейді аудан тұрғыны.

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин тамақ қалдықтары туралы рестораторлармен жұмыс істеп жатқандарын жеткізді.

«Олар бөлек келісімшарттар жасады. Менің орынбасарым тұрғындармен тікелей байланыста болады. Егер тағы шағым түссе, біз тағы да көреміз», - дейді аудан әкімі.

Қала басшысы Ерболат Досаев аудан әкіміне мейрамханалардың тамақ қалдықтарын утилизациялауына бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Рестораторлармен жасалған келісімшартты қайта қарау керек. Белгіленген уақытта процестің барлық қатысушысымен қоқысты шығару мүмкіндігін анықтауды сұраймын, бұл ыңғайлы болады. Кешкі сағат 22:00 немесе 23: 00-де», - деді қала әкімі.

Соңғы жаңалықтар