Тамақ өнімдері мен балалар ойыншықтары қаупі жоғары тұтыну тауарлары санатында

АНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттері 2010 жылдың қорытындысы бойынша өнімдердің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін анықтау,

Тамақ өнімдері  мен балалар ойыншықтары қаупі жоғары тұтыну тауарлары санатында

тұтыну өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы саны 5900 тексеріс жүргізген. Шара нәтижесінде 3076 (тексерістердің жалпы санының 52%) жағдайда заңмен белгіленген талаптардың бұзылғандығы анықталды.

Бұл жөнінде бүгінгі баспасөз маслихатында 2010 жыл бойынша техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамада белгіленген талаптардың сақталу ретін мемлекеттік бақылау қорытындыларын ұсынған Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев мәлім етті.

Тексеріс барысында анықталғандай, айрықша басымдылыққа ие тамақ, жеңіл өнеркәсіп өнімдері мен балаларға арналған ойыншықтар қаупі жоғары тұтыну тауарлары санатында қалып отыр.

Тамақ өнімдеріне қатысты жүргізілген 1560 тексерістің 829 жағдайында (53%) ереже мен талап бұзу фактілері анықталған. Ерекше басымдылыққа ие өзге де тауарларға қатысты көрсеткіштер мынадай: жеңіл өнеркәсіп бұйымдары (соның ішінде балалар киімі, мектеп формасы) - 79%, балалар ойыншығы - 64 %.