Тамаққа тойған аю терезеге кептеліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Камчаткада тұрғын үйлердің біріне қонжық кіріп кетті. Жануар аш болды ма, асүйге барып үстел үстінде тұрған тамақты бас салған.
None
None

Осы кезде оны үй иелері көріп қояды. Үй иелерін көрген аю қашпақ болып, терезе қарай ұмтылады. Алайда тамаққа тойып алғаны соншалық, терезеден шыға алмай әлекке түседі. Оның бұл әрекетін үй иелері ұялы телефондарына түсіріп алған. Біршама уақыт өткен соң қорыққан қонжық аман-есен үйден шығып кетеді, деп жазады rg.ru.

Соңғы жаңалықтар