Тамара Дүйсенова БҚО-да тұтас ауылды біріктірген ауыл шаруашылығы кооперативін құру тәжірибесімен танысты

АСТАНА. KAZINFORM – Вице-премьер Тамара Дүйсенова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарында Қаратөбе ауданында «Ауыл аманаты»  бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперациясының табысты тәжірибесімен танысты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады

ауыл
Фото: primeminister.kz

Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылындағы 227 ауланың барлығы «Жеңіс Ерхан» кооперативіне бірігіп, өз өндірісін дамытып жатыр.

Мемлекеттік қолдау шаралары фермерлерге 200 сүтті сиыр мен 900-ге жуық қой сатып алуға мүмкіндік берді. Биыл кооператив техниканы лизинг арқылы жаңартқан. 

ауыл
Фото: primeminister.kz

Қазір фермерлер ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді бірлесіп дамытуда. Қоскөл ауылында өндірілген сүт және ет өнімдері жергілікті нарықта үлкен сұранысқа ие. 

ауыл
Фото: primeminister.kz

Тамар Дүйсеноваға тауарлы-сүт фермасын одан әрі кеңейту үшін құрылыс жұмысы басталғанын хабарлады. 

ауыл
Фото: primeminister.kz

Вице-премьер ауыл шаруашылығы кооперациясының тиімді тәжірибесіне оң баға беріп, БҚО-на «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қосымша 1 млрд теңге бөлінгенін жеткізді. 

ауыл
Фото: primeminister.kz

Бұл қаражатты мал басын көбейту үшін ғана емес, басқа бағыттарды дамыту үшін де пайдалану қажет екендігі атап өтілді. 

ауыл
Фото: primeminister.kz
Соңғы жаңалықтар