Тамара Дүйсенова коммуналдық кәсіпорын жұмысшыларының жалақысына қатысты пікір білдірді
«Коммуналдық кәсіпорындар жайында айтсақ, біз қыркүйек айында тиісті қаулыға өзгеріс енгіздік, онда жергілікті атқарушы органдарға 50%-ға дейін үстеме ақы төлеу құқығы берілген. Сондықтан қазір әкімдердің мұндай құқығы бар. Астана қаласы бұл мәселені шешті. Осы орайда енді әр әкім қаржылық мүмкіндіктеріне қарай және коммуналдық кәсіпорындардағы жалақы деңгейіне қарай қарастыратын болады. Ал акционерлік қоғамдар жалақыны өздері белгілейді, яғни осындағы рәсімдер жекеменшік секторға жатады», - деді министр Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қазан айында Мәжіліс депутаты Бауыржан Сартбаев коммуналдық қызмет жұмысшыларына баспана сатып алу үшін пайызы төмен несие беру бағдарламасын іске қосуды ұсынды.