Тамара Дүйсенова министр қызметінен босатылып, Премьер-Министр орынбасары лауазымында қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тамара Босымбекқызы 1965 жылы 11 қаңтарда ҚазКСР Шымкент облысы, Сарыағаш ауданы, Ленин ауылында дүниеге келген.

Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген (1987), мамандығы - инженер-экономист.

Экономика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Макрорегуляцияны экономикалық-математикалық модельдеу» (2004).

Еңбек жолы:

- Шымкент облысы Сарыағаш қаласы Ильич атындағы орта мектебінің мұғалімі (01.1988-06.1988);

- Өзбек КСР Мемжоспар жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының экономисі, Ташкент қаласы (11.1988-09.1992);

- Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі (09.1992-10.1993);

- «Перизат-Холдинг» компаниясының бөлім басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы (10.1993-01.1994);

- Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігі басшысының кеңесшісі (01.1994-11.1994);

- Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары (11.1994-05.1997);

- Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары (05.1997-12.1997);

- Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары (12.1997-03.1999);

-Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласы (03.1999-09.2002);

-Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Астана қаласы (09.2002-09.2006);

-Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласы (09.2006-01.2008);

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы, Астана қаласы (01.2008 - 02.2013 ) ;

-Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Астана қаласы (02.2013-06.2013);

-Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м. а., Астана қаласы (06.2013-06.2013);

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Астана қаласы (06.2013-08.2014);

- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, Астана қаласы (08.2014-01.2017);

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Астана қаласы (01.2017-02.2018);

- «Нұр Отан» партиясының хатшысы, Нұр-сұлтан қаласы (02.2018-07.2019);

-Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының президенті, Нұр-сұлтан қаласы (07.2019-05.2020);

- Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, Нұр-сұлтан қаласы (07.2019-05.2020);

-Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау жөніндегі жетекші бөлімі, Нұр-сұлтан қаласы (05.2020-04.2022);

-Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Нұр-Сұлтан қаласы (2022 жылғы 11 сәуірден бастап).

-Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Астана қаласы (2023 жылғы 8 маусымнан бастап)


Соңғы жаңалықтар
telegram