Тамерлан Царнаев құпия түрде жерленді

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Бостон қаласында марафон кезіндегі жарылысты ұйымдастырды деген күдікпен айыпталып, полиция қолынан қаза тапқан Тамерлан Царнаев жерленді,
None
None

деп хабарлайды Associated Press. Дереккөздің хабарлауынша, Царнаев Массачусетс штатының Вустер қаласында жерленген. Бірақ оның нақты қайда жерленгені құпия ұсталуда.

Тергеу қызметі ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтарды 15 сәуірде Бостон марафонында екі жарылыс жасады деп айыптауда. Осы лаңкестіктің салдарынан үш адам қаза болып, 260 адам жараланған болатын. Полиция оларды ұстауға әрекет ету кезінде Тамерлан оққа ұшып, Джохар жаралы күйінде қолға түскен еді, деп жазады Baq.kz.

Соңғы жаңалықтар