Тамерлан Царнаев Вустер қаласында жерленетін болды

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Бостон қаласындағы жарылысты ұйымдастыруға қатысы бар деген күдіктілердің бірі - 26 жастағы Тамерлан Царнаев 6 мамыр күні Вустер қаласында (АҚШ, Массачусетс штаты) жерленетін болды,
None
None

деп хабарлайды әлемдік БАҚ. Бұл туралы қаладағы жерлеу бюросының өкілі Питер Стефан мәлімдеген.

Стефан қазір қабір орны қарастырылып жатқанын айтқан. Бостон қаласы тұрғындарының көпшілігі Царнаевті жерлеуге қарсылық танытуда.

Бостондағы теракт 15 сәуірде болған еді. Жарылыс салдарынан үш адам мерт болып, 260 адам жараланған.
Осы лаңкестікті ұйымдастырды делінген ағайынды Царнаевтардың үлкені - Тамерлан 19 сәуір күні полицейлер қоршауы кезінде оққа ұшты. Кішісі - Джохар жараланып, қолға түскен еді. Күдіктіге өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, деп жазады Baq.kz.

Соңғы жаңалықтар