Тамерлан Тілеулес таеквондодан Әлем чемпионатында қола медаль иеленді

АСТАНА. KAZINFORM — Таеквондодан Найробидегі (Кения) жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

таеквондо
Фото: Таеквондо федерациясы

Бүгін, қазақстандық таеквондошы Тамерлан Тілеулес 63 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды.

Отандасымыз жартылай финалда түркиялық Айдоган Хамза Османмен кездесіп, қарсыласына жол берді.

Осылайша, Тамерлан Тілеулес ел қоржынына екінші медальді салды. 

Бұдан бұрын отандық таеквондошы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанғанын жазған едік.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады.

Соңғы жаңалықтар