«Тамифлю» дәрісін тек ауырған кезде қолдану қажет - ҚР Денсаулық сақтау министрі
АСТАНА. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - «Тамифлю» дәрісін тек ауырған кезде қолдану қажет. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев осылай айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің сөзіне қарағанда, бүгніде Астанада A/H1N1 вирусының таралуына байланысты осы дертті алдын алуға пайдаланатын «Тамифлю» препаратының мол қоры бар. Оны елордадағы дәріханалардан сатып алуға болады. «Білуімше, бүгінгі таңда кейбір адамдар бұл препаратты сатып алып, вирусқа шалдықпай тұрып қолданатын көрінеді. Бұл дұрыс емес. «Тамифлю» препаратын тек ауырған кезде қолдану қажет. Осыны елорда тұрғындары есте сақтаулары тиіс», дейді Ж.Досқалиев.