Тамыз айында 100-ге жуық коммуналдық кәсіпорын тексерілді - Ұлттық экономика министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тамыз айында ҚР Ұлттық экономика министрлігі бүкіл ел бойынша 100-ге жуық коммуналдық кәсіпорынды тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тамыз айында 100-ге жуық коммуналдық кәсіпорын тексерілді - Ұлттық экономика министрлігі
Фото: gov.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұл жұмыс «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізілуде.

Тамыздың 28-31 аралығында 9 өңірде 12 табиғи монополиялар субъектісі қамтылды:

Алматы қаласының​ –​ «Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Ақмола облысының​ – «Ақмола электр желісін тарату компаниясы» АҚ, «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК

Шымкент қаласы - «Қуатжылуорталық-З» МКК

Ақтөбе облысы​ –​ «Энергосистема» ЖШС

Жетісу​ облысы​ – «Талдықорғанжылусервис» КМК

Павлодар облысы​ – «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ

ШҚО​ –​ «Востокэнерго» ЖШС

Абай облысы​ – «Теплокоммунэнерго» МКК, «Энерго-Инвест» ЖШС

Түркістан облысы​ – «Кентау Сервис» МКК

Жалпы, субъектілердің​ бекітілген инвестициялық бағдарламала шеңберінде өз міндеттемелерін уақытылы орындауы және тұтынушылардың қаражатын тиімді пайдалануы тексерілді.

«ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері биылғы қыркүйек-қазан айларында еліміздің бірқатар өңірлерінде тексеруді жалғастырады»,-делінген хабарламада.