Тамыз айында еліміздегі инфляция 0,4 пайызды құрады - Статистика комитеті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарлауынша, 2014 жылғы тамызда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,4 пайызды құрады.

Тамыз айында еліміздегі инфляция 0,4 пайызды құрады - Статистика комитеті

Атап айтқанда, баға азық-түлік емес тауарларына өткен айда 1,1 пайыз, ақылы қызметтерге - 0,4 пайызға өскен, ал азық-түлік тауарларына - 0,1 пайызға төмендеген. Бұдан бөлек, тамыз айында республика бойынша орташа баға өсімі тауыққа 10,4 пайыз, тауықтың сирағына - 9 пайыз, жұмыртқаға - 3,6 пайыз, күрішке - 2,5 пайыз, қантқа - 2,3 пайыз, ұнға - 1,5 пайыз, жаңа ауланған балыққа - 1,4 пайыз, арпа жармаға - 1,3 пайызға, сүзбеге - 1,2 пайыз, сұлы жармаға, сары майға - 1,1 пайыз, ұнтақ жармаға, мәйекті ірімшікке - 0,8 пайыз, кондитерлік өнімдерге, шайға - 0,7 пайыз, шұжық, ет өнімдеріне, қышқыл сүт өнімдеріне - 0,6 пайыз дан белгіленді. Сонымен қатар, бағаның төмендеуі картопқа 19,9 пайыз, жаңадан жиналған көкөністерге - 10,6 пайыз, жаңадан жиналған жемістерге - 0,9 пайыз, күнбағыс майына - 0,6 пайызға тіркелген. Баға өсімі оқушылардың ранеці, сөмкесіне 6 пайыз, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына - 4,3 пайыз, оқу-анықтамалық әдебиетке - 1,6 пайыз, киім және аяқкиімге - 0,6 пайыз, фармацевтикалық өнімдерге - 0,4 пайыз, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,3 пайыз құрады. Бұдан бөлек, комитет ақпаратына сәйкес, баға бензинге орта есеппен 8,3 пайыз, атап айтқанда АИ-92 маркалы бензинге - 11,3 пайыз, АИ-95, 96 - 4,5 пайыз, АИ-98 - 3 пайызға өсті. «Сонымен қатар, баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 1,4 пайыз, жолаушылар көлігі - 0,8 пайыз, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 0,7 пайыз, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша - 0,5 пайыз, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының - 0,3 пайызға жоғары болды. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері бойынша тасымалданатын газға 1,4 пайыз, ыстық суға - 0,4 пайыз, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 0,2 пайыз ға өсті», - делінген баспасөз баянында.