11:28, 11 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Тамыз айында кәсіпорындарда 74,7 мың адам жұмысқа алынып, түрлі себеппен 69,2 мың адам босатылған - Статистика агенттігі
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Статистика агенттігінің жедел деректеріне сәйкес, ағымдағы жылғы тамыз айында еліміздің ірi және орта кәсiпорындарына және ұйымдарына 74,7 мың адам жұмысқа қабылданып, түрлі себептермен - 69,2 мың адам жұмыстан кетті.
Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 83,2 пайызды, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты босатылғандар - 1,6 пайызды, сондай-ақ, басқа себептер бойынша жұмыстан кеткендер - 15,2 пайызды құраған. Сонымен бірге, ағымдағы жылғы тамыз айында жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,5 пайыз, ал жұмыстан босату бойынша айналым - 2,3 пайызға тең болған. Сондай-ақ есепті кезеңде кадр тұрақсыздығы - 2,0 пайызды құрады.
Бұдан бөлек, өткен тамыз айында жұмыстан босатылған қызметкерлер санының 108,0 пайызы қайта қабылданған кадрлармен толықтырылған.