Тамыз айында Қазақстанда орташа жалақы 110 мың теңгені құрады
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Биылғы тамызда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 110 020 теңгені құрап, былтырғы тамызға қарағанда 5,2 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сатистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, шілдеде халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 56155 теңгені құрады. Бұл былтырғы шілдеге қарағанда 4,8 пайызға жоғары.
Бұдан бөлек, өткен айда жұмыссыздар саны 469,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейін экономикалық белсенді халық санына шаққанда 5,2 пайызды қамтыды.