Тамыз айында республикада азық-түлік тауарлардың бағасы 2008 жылдың осы кезімен салыстырғанда 4,7 пайызға өсті

АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - 2009 жылғы тамыз айында азық-түлік тауарларының бағасы 2008 жылдың осы кезімен салыстырғанда 4,7 пайызға қымбаттады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, макарон өнімдерінің бағасы 3,2 пайызға, көкөністер мен жемістер - 4,3 пайызға, сүт өнімдері - 6,2, кондитерлік тағамдар - 8,7, тоқаш және ұн өнімдері - 11,8, алгокольді ішімдіктер - 13,5 және шай мен какао - 21,9 пайызға қымбаттады. Бағалардың төмендеуі жармаларға (0,6 пайыз), нан (2,7%), ұн (9,8%) және өсімдік майы бойынша (37,4%) тіркелді.

Ет және ет өнімдеріне бағаның өсімі 6,5 пайызды құрады. Шошқа еті - 15,6 пайызға, бұқтырылған ет құтылары - 14,2 пайызға, шұжық өнімдері - 10,2 пайызға, жылқы еті - 5,2 және қой еті - 1,3 пайызға қымбаттады, ал құс еті 0,8 пайызға арзандай түсті.

Соңғы жаңалықтар