Тамыз айының соңында теңгемен депозиттердің үлес салмағы 40,8% құрады - ҚР Ұлттық банкі

2015 жылғы тамыздың соңында резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 13 205,5 млрд. теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері 8 037,2 млрд. теңге, жеке тұлғалардың депозиттері - 5 168,3 млрд. теңге болды. 2015 жылғы тамыздың соңындағы жағдай бойынша ұлттық валютамен депозиттердің көлемі 5 389,2 млрд. теңге, шетел валютасымен - 7 816,3 млрд. теңге болды. Теңгемен депозиттердің үлес салмағы 40,8%-ды құрады. Банктердегі халықтың салымдары (бейрезиденттерді есептегенде) 2015 жылғы тамыздың соңында 5 226,7 млрд. теңге болды. Халықтың салымдары құрылымында теңгемен депозиттер 1 380,4 млрд. теңгені, шетел валютасымен - 3 846,2 млрд. теңгені құрады. Халықтың салымдары құрылымында теңгемен депозиттердің үлес салмағы 26,4% болды. 2015 жылғы тамыздың соңында мерзімді депозиттер 9 391,4 млрд. теңге болды. Мерзімді депозиттердің құрамында ұлттық валютамен депозиттер 3 234,8 млрд. теңге, шетел валютасымен депозиттер - 6 156,7 млрд. теңге болды. 2015 жылғы тамызда банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,3%, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша - 8,5% болды.