Тамыз конференциясына елорданың 2 мыңға жуық ұстазы қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 тамыз күні Астана қаласының "Конгресс-холл" ғимаратында елорданың білім беру саласы қызметкерлерінің «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағыт алу» тақырыбындағы тамыз кеңесінің жалпы отырысы өтеді.
Тамыз конференциясының жұмысына елордалық 1651 ұстаз қатысады. Сонымен бірге, ҚР Парламентінің депутаттары мен қалалық мәслихат депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігі қызметкерлері, шығармашылық пен ғылым саласындағы зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылып отыр.
Жиынға қатысушылар мен қонақтар үшін «Жаңа оқыту бағдарламалары, инновациялар мен білікті әдіс - табысты мектепке қадам» тақырыбында көрме-саябақ ашылады. Көрмеде дарынды балалардың жетістіктері мен білім беру мекемелерінің үздік ғылыми жобалары көрсетіледі, деп хабарлайды astana. kz.