Тамыз мәслихатында Астананың педагогтары бірқатар марапаттар мен пәтер кілттерін алды

ТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Жаңа оқу жылының қарсаңында Астана қаласының ұстаздары бірқатар марапаттар мен пәтер кілттерін алды.

Тамыз мәслихатында  Астананың педагогтары бірқатар марапаттар мен пәтер кілттерін алды

Бүгін Конгресс-Холл сарайында білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз мәслихаты өтті. Оның барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Серік Ырсалиев үш ұстазды «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен және тағы үш педагогты ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен марапаттады.

Өз кезегінде Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов мектептер мен мектепалды білім мекемелерінің барлығы 10 қызметкеріне пәтер кілттерін табыс етті.

Қала әкімінің айтуынша, 2008 жылдан бері мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша және муниципалдық арендалық тұрғын үй қорынан 2 мыңға жуық мұғалім баспана алды.

Онымен бірге, шара барысында «Ең үздік сайт» қалалық байқауының қорытындысы жарияланды. Әкім бірінші орынды жеңіп алған №54 мектеп-лицейінің, екінші орынды иеленген №31 мектеп-гимназияның және үшінші орынға ие болған №2 мектеп-гимназияның өкілдеріне сыйлықтар тапсырды.