Тамызда Астанада ауа райы жылы болады деп күтілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тамыз айында Астанада ауа райы +16, +22С аралығында орташа температураны көрсетеді. Алғашқы онкүндікте ауа райы бағаны +23,+28С дейін көтеріледі, ал түнде +11, +16С көрсетеді.

Тамызда Астанада ауа райы жылы болады деп күтілуде

Бұл туралы astana.kz жазады.

Келесі онкүндікте, синоптиктердің болжауынша, күн ысып, ауа райы көрсеткіші +28, +33С дейін көтеріледі, ал түнде +16, +21С жылы болады. Тамыз айының соңғы онкүндігінде ауа температурасы сәл төмендеп, +18, +23С көрсетсе, кей жерлерде +28 ыстық болады. Түнгі уақытта +13, +18С құрайды. Кейін термометр бағаны күндіз +25, +30С дейін көтеріледі, ал түнде +13, +18С көрсетеді. Айдың соңғы күндері күн райы салқындап +15, +20С көрсетсе, түнде +3, +8С дейін көтеріледі. Тіпті -2С дейін салқындауы да мүмкін.

Айдың бірінші және үшінші онкүндігінде найзағайға ұласқан өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде, сонымен бірге солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 15-20м/с дейін күшейеді. Ал ай ортасы мен соңында оңтүстік-батыс желі 15-20м/с дейін күшейеді.