Тамызда экономиканың жекелеген сегменттерінде баға өзгерді
АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2012 жылғы тамызда экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, 2012 жылғы тамызда инфляция 0,3 пайызды құрады. Өнеркәсіпте баға бір ай ішінде 3 пайыз, ауыл шаруашылығында - 1,5 пайыз, көтерме саудада - 1,1 пайыз, құрылыста - 0,2 пайызға жоғарылады. Заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтеріне тарифтер 0,7 пайызға төмендеді.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы бағалар шілде айына қарағанда 1,5 пайызға, тұтыну бағалары 0,3 пайызға, өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3,0 пайызға, өндірістік-техникалық мақсаттағы сатып алынған өнім бағасы 1,5 пайызға өскен.