Тамызда экспортталатын тауарларға баға 2,7 пайызға төмендеді

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы тамызда шілдемен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 2,7 пайызға, импортталатындарға - 0,8 пайызға төмендеді.
None
None

ҚР Статиска агенттігінің мәліметінше, экспорттық жеткізілімдерге бағаның қорғасынға - 10,7 пайызға, сұйытылған пропан мен бутанға  10,6 пайызға, мұнайға  8,2 пайызға, көмірге  6,6 пайызға, ферроқорытпаларға  4,4 пайыз деңдейінде , мырышқа  2,7 пайыз, мысқа  1,7 пайызға төмендеуі, ал  газ конденсатына  12,1 пайызға, мұнай өнімдеріне  3,4 пайызға жоғарылауы белгіленді.

Сонымен қатар баға мақтаға  4,6 пайызға, темекіге  1,6 пайызға төмендеді, астыққа керісінше 3,8 пайызға, жүнге  0,8 пайызға жоғары болды.

Импорттық түсімдерден маргарин  3,9 пайызға, балық  3,7 пайызға, кофе  2 пайызға, кондитерлік өнімдер  1,6 пайыз деңгейінде, сүрек  1,3 пайызға арзандады. Макарон өнімдері  9,7 пайызға, шұжық өнімдері  8,9 пайызға, күріш  7,4 пайыз көлемінде, өсімдік майы  1,6 пайызға қымбаттаған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар