Тамызда экспорттық жеткізілімдерге бағаның жоғарылауы, олардың импорттық түсімдерге төмендеуі белгіленді

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - 2011 жылғы тамызда шілдемен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 1 пайызға жоғарылап, импортталатын тауарларға 0,2 пайызға төмендеді, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Тамызда экспорттық жеткізілімдерге бағаның жоғарылауы, олардың импорттық түсімдерге төмендеуі белгіленді

Экспорттық жеткізілімдерге бір айда бағаның газ конденсатына - 8,7, қорғасынға - 8,5, мырышқа - 8,4, табиғи газға - 6,4, сұйытылған пропан-бутанға - 1,5, мұнайға - 1,1, мұнай өнімдеріне - 1 пайызға жоғарылауы, алюминийге - 11,2, ферроқорытпаларға - 2,6, мысқа 0,2 пайызға төмендеуі тіркелді. Баға мақтаға - 10,1, жүнге - 3,3 пайызға жоғары, бидайға 11,6 пайызға төмен болды.

Импорттық түсімдерден көкөністер - 6,1, құс еті - 5,8, аяқкиім - 2,3, күріш - 2 пайызға арзандады, өсімдік майы - 1,9, темекі - 1, дәрі-дәрмектер 0,3 пайызға қымбаттады.