Тамызда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 19 351 теңгені құрады - Статистика
АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2013 жылғы тамызда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 19 351 теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Статисика агенттігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 5,9, 2012 жылғы тамызбен салыстырғанда 7,3 пайызға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,8%, жемістер мен көкөністер - 16,4%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 14%, нан және жарма өнімдері - 6,9%, қант, шай және дәмдеуіштер - 1,9 пайызды құрады.