Тамызда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3,1 пайызға жоғарылады - Статистика

АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы тамызда шілдемен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 4,8%-ға жоғарылады, өңдеу өнеркәсібінде - 0,6%-ға төмендеді. Өндірілген өнім 3,3%, өндірістік сипаттағы қызметтер - 1%-ға қымбаттады.

Тамызда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3,1 пайызға жоғарылады - Статистика

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өткен айда бағаның пропан мен бутанға - 6,8%, мұнайға - 5,6%, газ конденсатына - 5,4%, дизельдік отынға - 3,1%, отындық мазутқа - 0,7%, бензинге - 0,6%-ға жоғарылауы, олардың табиғи газға - 1,9%, көмірге - 0,6%, керосинге - 0,2%-ға төмендеуі тіркелді.
Бір айда баға қорғасынға - 4%, мырышқа - 2,6%-ға жоғарылады, ферроқорытпаларға - 4,8%, өңделмеген алюминийге - 3,5%, мысқа - 3,4%, қара металдар илегіне - 1%-ға төмендеді.
Қант пен күріш 0,6%, сүт пен нан - 0,4%-ға қымбаттады, қара бидай ұны - 3,5%, құс еті - 2,5%, бидай ұны - 1,7%, мал еті - 1,4%, өсімдік майы - 0,5%-ға арзандады.